8.3 C
Munich
Воскресенье, 6 октября, 2024

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Оқылып жатыр

Облыс прокуроры қарияларды «Халықаралық қарттар күнімен» құттықтады.

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз.

Осы ретте Облыс прокуроры М.Тлеубердиев 1-қазан халықаралық қарттар күніне орай Түркістан облыстық қарттар үйіне барды. Бұл күнді атап өтудің негізгі мақсаты — егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін ерекше құрметтеу, сондай-ақ оларға қолдау көрсету және өмірлеріне қуаныш орнату.

Мерейлі күні М.Тлеубердиев «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» екенін атап өтіп, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымызға берекелі ұзақ ғұмыр, денсаулық, ырыс-несібе тіледі.

Түркістан облысының прокуратурасы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар