9.3 C
Munich
Среда, 12 марта, 2025

Әкелер мектебі – бақыт мекені

Оқылып жатыр

Балабақшамызда «Әкелер мектебі – бақыт мекені» атты байқау өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – бала тәрбиесінде әкелердің рөлін арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және мектепке дейінгі ұйым мен отбасының ынтымақтастығын күшейту болды.

Үміткердер байқау шарттары бойынша «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» тақырыбында әке тәрбиесінің маңызы жайлы пікір алмасу, «Сенің өміріңдегі әкенің рөлі қандай?» тақырыбында видеоролик түсіру, А4 форматында отбасылық коллаж жасау, «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер» тақырыбында әңгіме жүргізу, әкесімен бірге қолөнер бұйымын жасау және «Әкем және мен» атты отбасылық спорттық өнер көрсету шарттары бойынша сыннан өтті.
Әкелер бала, балабақша және тәрбие туралы сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Олар баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі ерекше екенін атап өтіп, балабақшада ауызбіршілік пен өзара құрметтің маңыздылығына тоқталды. Әкелердің пікірінше, тәрбиеші мен ата-ананың бірлескен ықпалы арқылы балалардың патриот тұлға болып қалыптасуына қол жеткізуге болады.
Бұл байқау әкелердің бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттырып, отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосты.
Эльмира ЖАҚЫПБАЕВА,
«Білім патшалығы» балабақшасының тәрбиешісі.
Жетісай ауданы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар