22.7 C
Munich
Вторник, 11 августа, 2026

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру тәртібі

Оқылып жатыр

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

Сайлау учаскесінде сол сайлау учаскесіндегі тізімге енгізілген сайлаушылар, сондай-ақ есептен шығару куәліктерін ұсынған адамдар жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі бойыншадауыс бере алады.

Әр сайлаушы жеке дауыс береді.

Сайлау бюллетені жасырын дауыс беруге арналған кабинада өзі жақтап дауыс беретінсаяси партия атауының оң жағындағы бос шаршыға не «Бәріне қарсымын» деген жолдағы бос шаршыға белгі қою арқылытолтырылады.

Бюллетеньді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі жоқ сайлаушы өзі сенетін және оның тегі дауыс бергеннен кейiн сайлаушылардың тiзiмiне енгізіліп, тұсына сайлаушының бюллетень алғандығы жөнiнде қолы қойылатынадамның көмегін пайдалануға хақылы.

Мыналар ондай адам болуға тиiс емес:сайлау комиссиясының мүшесi, жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның лауазымды адамы, кандидаттың сенiм бiлдiрген адамы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлi, тиiстi сайлау комиссиясында тiркелген байқаушы.

Толтырылған бюллетеньді сайлаушы дауыс беруге арналған жәшікке салады.

 Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар