26.9 C
Munich
Четверг, 6 августа, 2026

УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ МҮШЕЛЕРІМЕН ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Оқылып жатыр

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық аясында Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне арналған оқыту семинарларын өткізуде.


Семинарлардың негізгі мақсаты – сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыру, сайлау заңнамасының талаптарын жан-жақты түсіндіру және дауыс беру күніндегі жұмыстарды заң талаптарына сәйкес сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Оқыту барысында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасындағы негізгі нормалар, учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттіктері мен міндеттері, сайлау құжаттарын жүргізу тәртібі, сайлаушылар тізімімен жұмыс істеу, дауыс беруді ұйымдастыру, есептен шығару куәліктерін беру, бақылаушылармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ дауыс беру қорытындыларын шығару және хаттамаларды ресімдеу тәртібі жан-жақты түсіндірілуде. Сонымен қатар семинарларда сайлау күні туындауы мүмкін түрлі практикалық жағдайлар қарастырылып, комиссия мүшелеріне оларды заң талаптарына сәйкес шешудің жолдары түсіндірілуде. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік ұсынымдар мен әдістемелік материалдар алуда.
Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Әлиакбарұлы Ерімбетов өз сөзінде сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби дайындығы сайлау науқанының сапалы ұйымдастырылуына тікелей әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, әрбір комиссия мүшесі өз міндеттерін жетік меңгеріп, сайлау заңнамасының талаптарын бұлжытпай орындауы қажет. Оқыту семинарлары бекітілген кестеге сәйкес ауданның барлық учаскелік сайлау комиссияларын қамтып, кезең-кезеңімен өткізілуде. Бұл жұмыстар комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруға, сайлау рәсімдерінің заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылуына және сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы алдағы уақытта да учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне әдістемелік және практикалық қолдау көрсетуді жалғастырып, сайлау науқанын жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар