25.7 C
Munich
Пятница, 31 июля, 2026

САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ – ЕРКІН ТАҢДАУ ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ

Оқылып жатыр

Сайлау алдындағы үгіт- сайлаушылардың белгілі бір кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызмет.

Сайлауалды үгіт – сайлау науқанының маңызды кезеңдерінің бірі. Оның басты мақсаты – сайлаушыларды кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау алдындағы бағдарламаларымен таныстыру, олардың көзқарастары мен ұсыныстары туралы толық әрі объективті ақпарат беру арқылы азаматтардың саналы таңдау жасауына мүмкіндік жасау.

Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасына сәйкес, сайлауалды үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Осы кезеңде кандидаттар мен саяси партиялар заң талаптарын сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстары, әлеуметтік желілер, сайлаушылармен кездесулер, пікірсайыстар және басқа да заңмен рұқсат етілген тәсілдер арқылы үгіт жүргізе алады. Үгіт мерзімі аяқталғаннан кейін «тыныштық күні» басталып, кез келген үгіт жұмыстарына тыйым салынады.

Сайлауалды үгіт барлық кандидаттар мен саяси партиялар үшін тең жағдай қағидатына негізделеді. Әрбір саяси партияға және олардың сенім білдірілген адамдарына өз бағдарламасын халыққа таныстыру үшін заңнамада көзделген құқықтар мен мүмкіндіктер беріледі. Сонымен қатар, үгіт жүргізу барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, жалған ақпарат таратпау, заңсыз үгітке жол бермеу міндетті болып табылады.

Сайлаушылардың да жауапкершілігі зор. Әр азамат үгіт материалдарын жан-жақты зерделеп, бағдарламаларын салыстырып, өз таңдауын жеке көзқарасы мен елдің болашағына деген жауапкершілік негізінде жасауы тиіс.

Адал әрі ашық сайлау – демократиялық қоғамның басты қағидаларының бірі. Сондықтан сайлауалды үгіттің заң аясында, әділ және ашық жүргізілуі азаматтардың сайлау процесіне деген сенімін нығайтып, қоғамдағы саяси мәдениеттің дамуына ықпал етеді.

Асылбек НИЯЗБЕКОВ,

Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар