23.7 C
Munich
Четверг, 30 июля, 2026

САНАЛЫ ТАҢДАУ ЖАСАЙЫҚ!

Оқылып жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған саяси және экономикалық реформалар ел дамуының жаңа парағын ашты. Президент бастамасымен іске асырылып жатқан реформалардың түпкі мәні мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа қоғамдық келісімді қалыптастыруға, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін күшейтіп, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Қолға алынған ауқымды реформалардың нәтижесінде саяси жүйе жаңарып, қоғамдық диалог нығайып келеді. Осы өзгерістердің құқықтық негізін жаңа Конституция қалады десек те болады.

Жаңа Конституция елдің саяси және қоғамдық дамуының жаңа белесін айқындап берді. Бұл ауқымды өзгерістер ұзақ жылдар бойы пісіп-жетілген қоғамдық сұраныс пен уақыт талабынан туындады деуге болады. Ата Заңға адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды өзгерістер енді.

Мемлекет алдында тұрған ауқымды міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін қоғамдық күштердің бірігуі айрықша рөл атқарады. Осы тұрғыдан алғанда, еліміздегі саяси күштер бірлігі мен ықпалдастығы бағытында дамып келеді десек болады. Оның жарқын көрінісі – «Amanat» партиясының «Әділет» партиясымен қосылуы туралы шешімі, олардың күш біріктіруі еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға болды. Бұл қадам елдік мақсаттарға қызмет етуге ұмтылысты көрсетеді. Бүгінгі таңда қоғамды бөлетін емес, біріктіретін құндылықтар алдыңғы орынға шығуы тиіс. Сондықтан бұл шешім мемлекет жүргізіп отырған реформаларды қолдауға, қоғамдық келісімді нығайтуға және азаматтардың мүдделерін тиімді қорғауға бағытталған маңызды қадам деп білемін.

Міне, шілде айының алғашқы күнінен бастап жаңа Конституция күшіне енді. Алда құқықтық сайлауы өтіп, жаңарған мемлекеттік институттар өз қызметіне кіріседі. Бұл қоғамның жаңа құқықтық қағидаттар негізінде дамуына мүмкіндік беретін маңызды тарихи белес болмақ.

Әрбір сайлаушы партиялардың сайлауалды бағдарламаларымен мұқият танысып, ел болашағына қызмет ететін үміткерлерге саналы таңдау жасауы керек. Құрылтай шынайы халықтық мүддені қорғайтын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және жаңа саяси мәдениетті қалыптастыратын институтқа айналуы керек.

Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ,

аудандық қоғамдық-саяси «Мақтаарал» газетінің бас редакторы.

 

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар