18.9 C
Munich
Вторник, 28 июля, 2026

САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІН ӨЗЕКТЕНДІРУ – САЙЛАУ ПРОЦЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ

Оқылып жатыр

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 1 шілдеде «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес, Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру жөніндегі күнтізбелік жоспары бекітілді.
Сайлауды өткізу барысында сайлаушылар тізімі жасалады. Нақтылы тізімге енгізу үшін оның осы сайлауучаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады. Сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде жасайды. Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкесәрбiр сайлау учаскесi бойынша сайлаушылар тізіміне әкiм қол қояды және ол дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын акт бойынша ұсынылады делінген.
Жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдары тиiстi ұсынған сайлаушылар тiзiмдерiнiң, сондай-ақ сайлаушылар туралы деректердiң анықтығы үшiн жауапты болады. Әр бір азамат бiр ғана дауыс берушілер тiзiмiне ене алады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 26- бабының 1- тармағына сәйкес «Азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша құрылған сайлау учаскелерiндегi сайлауға қатысу құқығы бар сайлаушылардың тiзiмдерiн дауыс беретiн күнге он бес күн қалғанда тиiстi сайлау комиссиялары танысу үшiн дауыс берушілерге бередi»- делінген.Әрбiр азамат тiзiмдегi өзi туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегенi, дұрыс енгiзiлмегенi немесе тiзiмнен шығарып тасталғаны, сондай-ақ тiзiмдердегi сайлаушы туралы деректерде жаңсақтық жiберiлгенi үшiн шағымдануға құқылы. Сайлаушылар тізіміне енгізу, одан шығару не тізімдерге түзетулер жасау қажеттiгi туралы арыздарды тиiстi сайлау комиссиясы арыз келiп түскен күнi қарайды. Арыз мақұлданбаған жағдайда сайлау комиссиясы арызданушыға оның арызының мақұлданбағаны туралы дәлелдi шешiмнiң көшiрмесiн кешiктiрмей бередi. Шешiмге сайлау комиссиясы орналасқан жердегі тиiстi сотқа шағым жасалуы мүмкін, сот шағымды келіп түскен күні қарайды. Арызданушы үшiн дұрыс шешiм қабылданған жағдайда сайлау комиссиясы сайлаушылар тiзiмiне түзетудi енгiзiлмеген сайлаушыны тiзiмге енгiзудi дереу жүргiзедi. Бұл ретте азаматтардың да жауапкершілігі маңызды. Әрбір сайлаушы өзі тіркелген мекенжайының өзектілігін қадағалап, сайлау алдында өзінің тізімге енгізілгенін тексеруі қажет. Бұл сайлау күні туындайтын келеңсіз жағдайлардың алдын алады.
Әділ әрі ашық сайлау – демократиялық қоғамның басты қағидаларының бірі. Сондықтан сайлаушылар тізімін қалыптастыруға және нақтылауға барлық жауапты органдар мен азаматтардың бірлескен жауапкершілікпен қарауы – заң үстемдігін қамтамасыз етудің және қоғамның сайлау жүйесіне деген сенімін нығайтудың маңызды кепілі.
Гүлжан ҚАЛДАРБЕКОВА,
Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар