22.7 C
Munich
Четверг, 28 мая, 2026

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Оқылып жатыр

Мектеп алды даярлық сыныбы – баланың білімге бастар алғашқы қадамы. Сондықтан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-ана мен мұғалімнің ортақ міндеті.
Балалардың физикалық қауіпсіздігі үшін сынып бөлмесі мен ойын алаңы талапқа сай болуы керек. Мұғалімдер қауіпті заттарды балалардан алыс сақтап, қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отыруы қажет.

Жол қауіпсіздігі де маңызды. Балаларға жолдан тек жаяу жүргіншілер өткелімен өту, бағдаршамға назар аудару және көліктің алдынан жүгіріп шықпау керектігі үйретілуі тиіс. Денсаулықты сақтау үшін тазалыққа көңіл бөлініп, қол жуу, дұрыс тамақтану және дене шынықтыру әдеттері қалыптастырылуы қажет. Сонымен қатар баланың психологиялық қауіпсіздігі де маңызды. Мұғалім мен ата-ана балаға мейірімді қарым-қатынас жасап, достық ортаның қалыптасуына ықпал етуі керек. Қауіпсіз ортада өскен бала өзін еркін сезініп, білім алуға қызығушылық танытады.

Салтанат СЕЙДАЗИМОВА,
М.Өтемісұлы атындағы №28 ЖББМ мектепалды
даярлық сыныбының тәрбиешісі.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар