Үштілділік — бұл заман талабы, ол адамдарға өз білімдерін, дағдыларын кеңейтуге және адамдар арасындағы өзара түсінушілікті дамытуға көмектеседі. Бірнеше тілдерді білу үлкен ғаламдық әлемге ақпарат пен инновацияның ағынымен жол ашады. Үш тілділікті парасатты, сауатты және дұрыс енгізу кез-келген ортада коммуникативті — бейімделген болуға мүмкіндік береді.
Орыс тілі мен әдебиеті – оқушылардың тілдік және мәдени сауаттылығын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын пәндер. Әсіресе, 9-сынып деңгейінде бұл пәндер оқушыларды терең ойлауға, әдеби және тарихи танымын кеңейтуге жетелейді.
Ең алдымен, орыс тілі – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытудың тиімді құралы. Әдеби мәтіндерді талдау арқылы олар тек тілдік бірліктерді ғана емес, шығармадағы терең ойды, астарлы мағынаны түсінуге үйренеді. Сонымен қатар, орыс әдебиеті – мәдениетаралық байланыстарды нығайтудың көпірі. Классикалық шығармалар арқылы оқушылар өзге ұлттың тарихы мен дәстүрін таниды, толеранттылық пен құрмет сезімін қалыптастырады.
Статистикалық деректер де бұл пәндердің маңыздылығын айқындайды: орыс тілін меңгерген оқушылардың грамматикалық, лексикалық дағдылары жоғары деңгейде дамиды. Бұл олардың жалпы тілдік құзыреттілігін арттырып, түрлі салада еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, орыс тілі мен әдебиеті – оқушыны жан-жақты жетілдіретін, тілдік қана емес, мәдени және адамгершілік құндылықтарды да сіңіретін маңызды пәндер.
Жанар ҚАРАБАЕВА,
№73 ЖББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Жетісай ауданы.