11.8 C
Munich
Четверг, 23 октября, 2025

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ РӨЛІ

Оқылып жатыр

Бүгінгі таңда білім беру саласы тек оқытумен шектелмей, баланың жан-жақты дамуына, әлеуметтік бейімделуіне, психологиялық қолдауға ерекше назар аударады. Осы бағыттағы маңызды тұлғалардың бірі – әлеуметтік педагог.
Әлеуметтік педагог – мектептегі оқушылардың әлеуметтік жағдайын бақылаушы ғана емес, олардың ішкі жан дүниесін түсініп, ортаға бейімделуіне ықпал етуші маман. Әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, қиындықтарын жеңуіне, қоғаммен байланыс орнатуына көмектесіп, ата-аналармен, мұғалімдермен, психологтармен бірлесе жұмыс жүргізеді.
Мектепте әлеуметтік педагогтың негізгі міндеті – қолайсыз отбасынан шыққан, көпбалалы немесе әлеуметтік осал топтағы оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету, түрлі құқықбұзушылықтың алдын алу, бала мен мектеп, бала мен отбасы арасындағы байланысты нығайту. Мәселен, біздің мектепте 2025-2026 оқу жылында бірнеше бағыт бойынша жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушылармен жеке сұхбаттар, топтық тренингтер, құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған кездесулер, психологиялық ойындар өткізіліп келеді. ҚР Үкіметінің және Білім басқармасының тиісті нормативтік құжаттарына сәйкес бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын ыстық тамақпен қамту жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылуда.
Қазіргі қоғамда бала тәрбиесіне тек отбасы емес, бүкіл қоғам жауапты. Осы ретте мектептегі әлеуметтік педагог – сол жауапкершіліктің маңызды бір тармағын иеленген тұлға. Жас ұрпақтың толыққанды азамат болып қалыптасуы үшін жанашырлық пен жауапкершілік қатар жүруі керек. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы екенін ұмытпайық!
Алёна СИВАШОВА,
А.Пушкин атындағы №3 ЖББМ әлеуметтік педагогы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар