7.5 C
Munich
Воскресенье, 6 октября, 2024

ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Оқылып жатыр

         Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан «Мырзашөл құс» ЖШС-не тиесілі құрылысы жүріп жатқан құс фабрикасына барды. Жобалық құны  850 миллион тенгені құрайтын құс фабрикасын іске қосу 4 кезеңге жоспарланған.
        1-кезеңде жоспардағы 32400 бас тауықтан 28 мың жұмыртқа шығару кешенін, 2-кезеңде 32400 бас тауықтан 28 мың жұмыртқа алу кешенін, жалпы екі кешеннен жылына 20 миллион жұмыртқа алу көзделген. Сонымен қатар, кәсіп иесі 2023-2024 жылдары   3-4 кезеңдерде құс фабрикасында тәулігіне 48 тонна өнімді құрайтын жем цехы мен жылына 50 мың бас бройлерден 1200 тонна ет өндіру жобасын іске қосуды көздеп отыр.
         Фабриканың 1-2 кезеңдері кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылса, қалған кезеңдерді жүзеге асыру үшін жеңілдетілген пайызбен несие алу қажеттігі туындап отыр.
        Сондай-ақ Бейсенбай Тасболатұлы аудандағы құрылысы жүріп жатқан мектептерді аралап, кейбір орын алған кемшіліктер бойынша мердігер мекемелердің басшыларына ескертулер жасады.
         Құрылысы жүріп жатқан мектептер пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталатын болады.
        Мектептерде оқушылардың сапалы білім алуларына, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалады.
«МАҚТААРАЛ»-ақпарат.
- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар