2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл – әрбір азаматтың өз пікірін білдіріп, елдің болашағына ықпал етуіне мүмкіндік беретін жауапты кезең. Осы маңызды науқанда баршаңызды сайлауға белсенді қатысуға шақырамын. Бұл күні әрқайсымыз өз таңдауымызды жасап, мемлекетіміздің тұрақты дамуына, қоғамдық келісімнің сақталуына және еліміздің жарқын болашағына өз үлесімізді қоса аламыз. Әр дауыс – туған өлкеміздің дамуына, тұрақтылығы мен өркендеуіне қосылған үлес. Азаматтық ұстанымымызды көрсетіп, бірлігіміз бен жауапкершілігімізді дәлелдейтін уақыт келді. Бұл саяси науқан азаматтардың мемлекет ісіне белсенді араласып, өз таңдауын еркін білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды демократиялық тетік болып табылады.
Қазақстан Республикасында сайлау заңдылық, әділдік, ашықтық және жариялылық қағидаттарына негізделген. Бұл қағидаттар әрбір азаматтың дауыс беру құқығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сайлау үдерісіне деген қоғамдық сенімді нығайтады. Ашық әрі әділ ұйымдастырылған сайлау – демократиялық мемлекеттің басты белгілерінің бірі. Мемлекеттің өркендеуі халықтың азаматтық жауапкершілігімен, заңға деген құрметімен және қоғамдық өмірге белсенді араласуымен тығыз байланысты. Сайлауда әрқайсымыз бейжай қалмай, өз таңдауымызды жасап, ел игілігі жолындағы маңызды іске атсалысайық.
Бірлігіміз бекем, таңдауымыз саналы болсын!
Ұлжанат ИСМАИЛОВА,
«Мақтаарал» аудандық қоғамдық-саяси газеті редакторының орынбасары.



