14.1 C
Munich
Жұма, Мамыр 17, 2024

«ДЕНІ САУДЫҢ- ЖАНЫ САУ»

Оқылып жатыр

ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫС

 «ДЕНІ САУДЫҢ- ЖАНЫ САУ»

Жуырда Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балаларды жазғы сауықтыру қала сыртындағы базасында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Дені саудың-жаны сау» атты спорттық -эстафеталық сайыс өтті.

Сайысқа қатысқан балалар жеті шарт бойынша сыннан өтті. Атап айтсақ:

Ертегі айту. (Ертегінің ішінде 7 саны болуы керек).

Тас лақтыру. (Белгіленген межеде тұрып, қауашаққа 5 тасты дәлелдеп лақтыру)

Секіртпемен секіру. (Тоқтамай 50 рет секіру)

Сурет салу.(Түрлі -түсті тоты құс суретін салу керек)

Кегилерді дәлдеу. (Мергендік)

Интеллектуалдық танымдық сұрақ-жауап.

Кедергілерден өтіп жүгіру.

Сайысқа алты топ қатысты. І орынды «Достық» тобы жеңіп алды. II орын «Жастар» тобына бұйырды, ал III орынды «Парасат» тобы еншіледі. «Туған жер» тобы сайысқа  белсене қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.

«Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балаларды жазғы сауықтыру қала сыртындағы базасы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар