0.8 C
Munich
Пятница, 13 декабря, 2024

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗДЫ ЖОҒАЛТПАЙЫҚ

Оқылып жатыр

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗДЫ ЖОҒАЛТПАЙЫҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді. Құрылтайда елдік мәселелер қозғалып, нақты шешімдер қабылданды.

Президент киелі Түркістанның – ұлы дала өркениетінің мызғымас темірқазығы екендігін айтып, «Біз қазір бабаларымыз кеңес құрған әйгілі Күлтөбенің іргесінде отырмыз. Әбіш Кекілбаев «Қазақ рухының қағбасы» деп атаған Ордабасы осы жерге тиіп тұр. Осынау әйгілі төбелерде халқымыздың игі жақсылары сан рет бас қосқан. Ұлт тағдыры сынға түскен сәттерде бәрі ақылдасып, елдің болашағын айқындаған. Қалың жұрт салиқалы сөзге тоқтап, ел бастаған ерлеріне көш тізгінін ұстатқан. Бір ел, бір халық болып, сыртқы қатерге қарсы тұрған. Қазақтың бірлігі мен тұтастығының ордасы болған киелі Түркістан болашақта да осы мәртебелі миссиясын атқара береді, – дей келе қасиетті өлкені басқарып отырған басшыларға зор жауапкершілікті жүктеді және елдің дамуы жолында құнды ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, Президентіміз «Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады, еліміздің дамуына кедергі келтіретін нәрсенің барлығынан арылып, қоғамымызды нығайта түсу үшін саяси-экономикалық реформалар мен қоғамдағы терең әлеуметтік-мәдени өзгерістерді қатар іске асыру қажеттігін айтты. Бұл болашаққа деген қадамымызды нығайта түсіп, жүрекке сенім ұялатты.

Халық пен билік арасындағы бейресми басқосуға айналған Құрылтайда рухани құндылықтарымызды өркендетуге айрықша мән берілді. Жиында Президент Түркістанды Ясауисіз елестету мүмкін емес» дей келіп, туғанына 930 жыл толып отырған ғұламаның құнды еңбектерін терең зерттеп, дәріптеудің маңызды екеніне тоқталды. Кесенеге тарихи-мәдени ескерткіш мәртебесін беру, мұнда «Ясауитану» ғылыми орталығын немесе институтын құру туралы бастамаларды қолдайтынын айтты. Кесененің  келбетін сақтау туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ақпарат саясатын түбегейлі қайта қарау қажет деді. «Масс-медиа» деп аталатын жаңа заң тұжырымдамасындағы жаңашылдыққа тоқталып, бұл заң жобасы БАҚ өкілдері үшін маңызды екенін атап көрсетті.

Рухани құндылығымызды көздің қарашығындай сақтап, оны дамыту, өркендетуге баса мән берілуі көңілімізге зор қуаныш пен сенім ұялатты.

Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ,

«Мақтаарал» аудандық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар