8.3 C
Munich
Воскресенье, 6 октября, 2024

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Оқылып жатыр

23-маусымда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 31 жыл толуына орай, Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті. Бөлімде өздерінің қызметтік міндеттерін жоғары дәрежеде атқарып, Мақтаарал ауданы тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауда қоғамдық тәртіп сақшысы ретінде және қылмыспен күресте қосқан елеулі үлесі үшін Түркістан облысы Полиция департаменті басшысының бұйрығымен үш қызметкерге полиция аға лейтенанты арнаулы атағы берілді. Мақтаарал ауданы әкімдігі, Мақтаарал ауданы мәслихаты және Мақтаарал ауданы полиция бөлімі тарапынан үздік қызметкерлер марапатталды.
Ардагерін қазынасына теңеген қазақ әрқашанда үлкенге қарап бой түзеп, алдыңғы буынға ілтипат көрсетіп жүреді. Үлкенін құрметтеген елдің еңсесі биік, керегесі кең. Сол салтты берік ұстанған бөлім басшылығы еңбегі еленіп құрметті демалысқа шыққан, өзінің саналы ғұмырын құқық қорғау саласына арнаған Мақтаарал АПБ ЖПҚ УПИ полиция майоры Мустафаев Женіс Бахытбекұлын құрметті зейнеткерлікке салтанатты түрде шығарып салды. Мақтаарал АПБ басшылығы және жеке құрам қызметкерлері құрметті зейнеткерлерді құттықтап, оларға жақсы тілектерін жеткізді.
Өз сөзінде Мақтаарал АПБ бастығы, полиция майоры Е.Надиров құрметті зейнеткерлікке шығып жатқан ардақты ардагерге өзінің жүрек жарды ыстық лебізін білдіріп, шын жүректен құттықтап, дәстүр бойынша иығына қазақтың ұлттық шапанын жапты.
“МАҚТААРАЛ”-ақпарат.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар