15 C
Munich
Воскресенье, 8 сентября, 2024

БАСПАСӨЗ – ӨМІР АЙНАСЫ

Оқылып жатыр

28 маусым — БАҚ қызметкерлерінің күні мерекесіне орай Мырзакент кентіндегі «ТӘЖІ» мейрамханасында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданының тыныс-тіршілігін БАҚ беттерінде, әлеуметтік желіде жариялап отыратын кәсіби журналистер мен әлеуметтік желі белсенділеріне арнайы дастархан жайылып, мерекеге орай сый-сияпаттар табыс етілді.
Аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова кәсіби журналистер мен әлеуметтік желі белсенділерін арнайы мерекемен құттықтап, аудан әкімі атынан Алғыс хаттар табыстады. Арнайы мерекелік дастарханның қонағы болған Мырзашөл өңіріне кеңінен тарайтын «Санұр-ТВ» телеарнасының ұжымы мен директоры Гүлмира Саржанова, аудандық «Мақтаарал» газетінің бас редакторы Сәбит Қалдыбаев және газет ұжымы, аудандық «Мырза ата ақшамы» газетінің бас редакторы Қилыбай Ирсаев, аудандық «Бекет» басылымының бас редакторы Сафуан Өтебаев және тілшісі Дина Утебаева, «Халық үміті» газетінің бас редакторы Жаппар Ғаппар, облыстық «Өзге пікір» басылымының бас редакторы Ұлықбек Үмбет, әлеуметтік желі белсендісі Нұржамал Реметова, аудандық баспасөз қызметінің видеооператоры Олжас Серікбаев және фототілшісі Нұрғиса Күнтуған және т.б. журналистика саласының қызметкерлері өз әріптестеріне мерекелік лебіздерін білдіріп, әріптестік пікір алмасып, аудан әкімдігінің ұйымдастыруындағы мерекелік басқосуға алғыстарын білдірді. Мерекелік басқосуда «Санұр-ТВ» телеарнасының тілшісі әрі дикторы Клара Қарсыбаеваға «Қазақстан Журналистер одағының мүшесі» куәлігі арнайы табысталды.
– Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай келе шұғыл қимыл, жедел ақпарат, тұшымды хабар жасау арқылы мемлекеттік билік пен халықтың арасында алтын көпір бола білген Сіздерге төл мерекелеріңізде шығармашылық табыс, мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, шадыман шаттық тілейміз, – деді аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова.
«МАҚТААРАЛ»-ақпарат.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар