0.6 C
Munich
Пятница, 13 декабря, 2024

ЗИЯНДЫ ЖҰЛДЫЗҚҰРТТАР КӨБЕЙІП МАҚТА ДАҚЫЛЫН ЗАҚЫМДАУДА

Оқылып жатыр

Биылғы жылы ауданымызда мақта дақылы 36 396 гектарға, жалпы бақша дақылдары 16 911 гектар алқапқа егілген болатын.
ҚР АШМ АӨК МИК Мақтаарал аудандық фитосанитарлық диагностика және болжамдар мамандары, Мақтаарал ауылдық округіне қарасты мақталық алқаптарын зерттеулер нәтижесінде 14.06.2023 жылы мақта көбелегінің — хлопковая совка (Helicoverpa armigera Hubn.) І-ші ұрпағының көбелектері ұшып шығып, жұмыртқаларын қойып, алғашқы жұлдызқұрттары шыға бастағанын анықтаған.
22.06.2023 жылы зерттеу барысында А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты 115 гектар бақша дақылдары алқабынан карантиндік зиянкес қауын шыбынының (жаңа ошағы) және Достық ауылдық округіне қарасты 45 гектар алқаптан (ескі ошақтан) анықталғанын хабарлайды.
Сол себептен, аудан шаруалары өздеріне тиісті мақталық танаптарда мақта көбелегінің көбейіп таралуын мұқият қадағалап, биологиялық тәсілмен (трихограмма, алтынкөз) күресуі қажет.
Егерде мақта көбелегінің жұлдызқұрттарының саны экономикалық зиянды шегінен асқан жағдайда, яғни 100 өсімдікке мақта көбелегінің 9 жұмыртқасы мен 9 жұлдызқұрты тура келсе, ҚР-ның тізіміне енген химиялық препараттарын қолдану ұсынылады.
Мақтаарал ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар