7.5 C
Munich
Воскресенье, 6 октября, 2024

ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ — ЫНТЫМАҚ, БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ

Оқылып жатыр

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдасты-руымен Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі этносаралық саладағы проблемалық мәселелер мен өзекті үрдістер бойынша дебат-семинар болып өтті.

Полиэтносты аудандарда этносаралық татулықты, ынтымақты, бірлікті сақтау, этносаралық шиеленістің алдын алу — семинардың басты мақсаты. Жиынға Мақтаарал және Жетісай аудандарынан түрлі этнос өкілдері, Ассамблея жастары, этно-мәдени орталықтардың төрағалары, қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысты.
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов төрағалық еткен дебат-семинарда Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, Республикалық тәжіктердің қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ш.Бабаев, аудан прокуратурасының прокуроры Н.Талипов, «Болашағы келіскен жарқын ел» қоғамдық ұйымының төрағасы С.Ерманова және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Ташевалар тақырып аясында баяндамалар жасады.
Баяндамаларда өзге этнос жастарының Отан қорғау ісіне, яғни ,әскерге баруына ықыластылығын ояту, мемлекеттік тілді меңгеруі, құрметтеуі, татулық, бірлікті сақтау, қалыптастыру, ел Президентінің 2023 жылғы 29 сәуірдегі ХХХІІ сессиясында айқындап берген бес бағыт бойынша жұмысты жалғастыру мәселелері қозғалды. Дебаттың екінші кезеңінде жастар мен этно-мәдени орталықтардың мүшелері көкейде жүрген сұрақтарына жауап алса, үшінші кезеңде қатысушыларға сертификаттар берілді.
«Қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде этносаралық келісімді қамтамасыз етуде баршамыз алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасаймыз деген сенімдемін» — деді дебат-семинарды қорытындылаған Е.Баетов.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар