14.5 C
Munich
Понедельник, 24 августа, 2026

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА МАҚТААРАЛДЫҚТАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

Оқылып жатыр

23 тамыз күні өткен Құрылтай сайлауына Мақтаарал ауданы тұрғындары да белсене қатысып, өз таңдауларын жасады.

Аудан әкімі Бақыт Асанов алғашқылардың бірі болып, өз ұстанымын білдірді. Ол  Мырзакент кентіндегі №890 сайлау учаскесіне барып,  өз дауысын еліміздің болашағы мен Жаңа Қазақстан үшін беріп жатқанын атап өтті.

Сайлау күні мақтааралдықтардың белсенділігі ерекше байқалды. Таңмен таласа дауыс беруге келген сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Осы күні сайлау учаскесіне алғаш болып келген ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер, жастар мен түрлі қоғамдық ұйым өкілдері өздерінің таңдауларын білдірді.  Мәселен, №409 сайлау учаскесіне бір топ ақ жаулықты әжелер арнайы келіп дауыс берді. Сайлау күніндегі есте қаларлық сәттердің бірі – Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас елді мекеніндегі №423 сайлау учаскесінде Қорғанбаев көшесінің 40 тұрғыны бір мезетте дауыс беріп, өздерінің жоғары белсенділігін байқатты. Бұл ауыл тұрғындарының ұйымшылдығы мен азаматтық белсенділігінің жарқын көрінісіне айналды.

 Сайлау күні тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында бірқатар учаскелерде спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Гір тасын көтеру, асық ату, шахмат және дойбыдан жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. Ал аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, бірнеше патриоттық әндер шырқады. Тағы бір ерекше жағдай, А.Қалыбеков ауылдық округіндегі Үлгілі елді мекенінің №392 сайлау учаскесінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, жергілікті өнімдер нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағамен ұсынылды.

Осылайша, Мақтаарал ауданында сайлау күні сайлаушылар жоғары белсенділік танытып, саяси істен шет қалмай өз дауыстарын берді.  Аудан бойынша барлық 62 сайлау учаскесінде тұрғындар дауыс беруге белсене қатысып, еліміздің болашағы үшін, жаңару үшін өз таңдауларын жасады.

С.ҚАЛДЫБАЕВ,

аудандық «Мақтаарал» қоғамдық саяси газетінің бас редакторы. 

 

 

 

1

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар