МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ДАУЫС БЕРДІ
ҚР Президент сайлауына Мақтаарал ауданының құқық қорғау органдарының басшылары мен аудандық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік қызметшілер белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда. ҚР ҰҚК-нің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мақтаарал аудандық бөлімінің бастығы Ә.Қалмұратов, аудан әкімінің орынбасарлары Бейсенбай Төребеков, Нұрбол Саттаров, Алтын Ешанқұлова, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев және аудандық мәслихаттың депутаттары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлім басшылары дауыстарын берді.
Мемлекеттік қызметшілер елді өзгерту үшін әркім өзінен бастау керектігін айтып, халықты елдің болашағы үшін дауыс беруге шақырды. Әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін тілге тиек етті. Қазақстанның тұтастығы мен бірлестігін сақтауда мемлекет басшысын дұрыс таңдау ауқымды рөл атқаратынын жеткізді. Айта кетейік, Мақтаарал ауданында таңғы 07:00-ден бастап 63 сайлау учаскесінің есіктері айқара ашылған. Ауданда 70329 сайлаушы тіркелген.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі