0.6 C
Munich
Пятница, 13 декабря, 2024

ӘЖЕЛЕР ДАУЫС БЕРДІ

Оқылып жатыр

Ауылдың, әулеттің, отбасының ұйытқысы болып, қазақтың салт-дәстүрлерін сарымайдай сақтап, немере-шөберелеріне ана тілін үйретіп жүрген қазақтың әжелері екені анық.
Дүниеге келген сәбиді көзін ашқаннан құшағына алып, бесік жырымен әлдилеп, ес білгенде ертегі-жырларымен сусындататын әженің орны кейінгі кезде қазақ қоғамында орны ойсырап, бейнесі көмескіленіп кеткені де рас. Дегенмен, Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылында кейінгі буынға үлгі болып жүрген ақ жаулықты әжелеріміз аз емес.
Бүгінгі Мақтаарал ауданы әкімінің сайлауында түрлі қызықты жағдайлар орын алуда. Өргебас ауылындағы Қасым Аманжолов жалпы орта мектебінде орналасқан №401 сайлау учаскесіне топ болып жиналып келген ақ жаулықты ауыл әжелері жаппай дауыс беріп, өздерінің саяси белсенділіктерін көрсетті.
Әжелер алқасының округтегі төрайымы Гүлжан Қамбарбекова қазақ әйелдері ерте заманнан қоғам тіршілігіне араласып, мемлекетті де басқарғанын, жауға да шапқанын тілге тиек етті. Сондықтан, қазіргі жас қыздарымызға, келіндерге үлгі болуы үшін бүгінгі сайлауға жаппай қатысып, дауыс бергендерін жеткізді.
- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар