Мақтаарал ауданында 62 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Барлық сайлау учаскелері интернет, байланыс телефоны, бақылау камералармен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ, учаскелерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға толықтай жағдай жасалған.
Жалпы ауданымызда 2704 сайлау құқығына ие мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Оның ішінде 189 арбаға таңылған азаматтар, 350-ден астамы көзі көрмейтін, құлағы естімейтін азаматтар бар. Қалғандары — 2-3 топтағы мүмкіндігі шектеуілер.
Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы кабиналар, тактильдік көрсеткіштер, арнайы бұрыштар, мониторлы компьютерлер, құлақаспаптар, ұлғайтқыштар, тұтқалар және пандустармен жабдықталды. Сондай-ақ, көзі көрмейтін зағип жандар үшін 61 сайлау учаскесіне тактильді жолақ орнатылды.
«Сайлау учаскелері» жекелеген санатын бөле отырып, inva.gov.kz сайтындағы интерактивті қолжетімділік картасына мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы жерлер көрсетілген ақпараттар электронды картаға енгізілген. Сонымен қатар, 9 сурдо-тифло аудармашы, 3 инватакси, 4 әлеуметтік таксилер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуде.
Айта кетейік, төсек тартып жатқан азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай қарастырылып, аталған азаматтар үйде отырып дауыс беруде.
Д.АЯЗБЕКОВ.