14 C
Munich
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024

ӘЛЕМГЕ НҰР СЫЙЛАҒАН

Оқылып жатыр

Ардақты аналар, қадірлі қыз-келіншектер!

Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі – 8 – Наурыз –Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақта «Дүниенің үш нұры бар. Біріншісі – күннің нұры, екіншісі – ақылдың нұры, ал үшіншісі – ананың нұры» деген ұлағатты сөз бар. Бұл ықылым замандардан тіршілік атаулының анадан тарайтындығын меңзейтін асыл ұғым. Еліміздің дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген әрбір әйелдің өмір жолы – тұнған шежіре. Қоғамның барлық саласында аянбай еңбек ете жүріп, жақындарына жылу сыйлай білетін әйелдер қауымы қандай құрметке болса да лайықты деп есептейміз. Себебі, Сіздер адамзат баласына тән қасиетті сүйіспеншілік пен іңкәрлікті, сұсулық пен махаббатты, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын бір бойына сіңіре білген ақ пейілді, дархан жүректі нәзік жансыздар.
Мақтаарал ауданы еліміздің демографиясына өлшеусіз үлес қосып отырған өңір. Бұл ретте алтын құрсақты аналарымыздың айырықша еңбегі бар екені даусыз. Ұрпақ тәрбиесі мен ерен еңбекті қатар алып жүрген аналарымыз қандай марапат, қандай мақтауға да лайықты. Ауданымыз бүгінде көпбалалы отбасыларының ұйытқысы болып отыр. Түрлі салаларда қыз-келіншектер еселі еңбек етіп жүр. Айталық, олар білім беру, денсаулық сақтау, халық ағарту мен басқа да түрлі салаларда еңбек етіп, ауданымыздың дамуына сүбелі үлес қосуда. Ендеше, көктемнің көңіл жадыратар мерекесінде Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілейміз!
Құрметті аналар! Сіздер – әлемнің жарығы мен нұрысыздар! Сол сияқты күн нұрындай құлпырып, әлем бесігін тоқтаусыз тербете берулеріңізге тілектеспіз!

Б.АСАНОВ,
аудан әкімі.
Қ.СӘРСЕКБАЕВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар