1993 жылдың 15 сәуірінде ҚР Жоғарғы кеңесінің «Тәжік-ауған учаскесіндегі ТМД-ның сыртқы шекарасын күшейту туралы» қаулысымен саны 500 адамға жететін жеке құрама атқыштар батальоны құрылды. Сегіз жылға созылған ұрысқа сегіз жарым мың қазақстандық қатысқан.
Бүгін айтулы датаға байланысты Мақтаарал ауданының Даңқ аллеясына тәжік-ауған шекарасындағы ұрыстарға қатысушы азаматтар бас қосып тәжік-ауған шекарасындағы қақтыстың аяқталғанына 20 жыл толуына орай, қақтығыста көз жұмған сарбаздардың рухына құран бағыштап, еске алу жиыны өтті. Іс-шарада сарбаздардың ерлігіне тағзым етілді.
Айта кетейік, сол әскери қақтығыстардан аман оралған азаматтар бүгінгі таңда соғыс ардагері статусына теңестірілген.