9.3 C
Munich
Среда, 12 марта, 2025

САЙЛАУДЫ БАЙҚАУ — МАҢЫЗДЫ ФАКТОР

Оқылып жатыр

Сайлауды байқау — сайлау процесінің ажырамас бөлігі және сайлаудың заңдылық факторы болып табылады. Дамыған байқау институты сайлау практикасын жақсартуға ықпал етеді, сайлау процесіне қатысушылардың барлығының сайлауға деген сенімін арттырады.

Байқау институттары сайлауға қоғамдық мониторинг жүргізу арқылы сайлау комиссиялары қызметінің алқалылығын, жариялылығын және ашықтығын қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Байқаушының негізгі қызметі дауыс беруге қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, дауыс беру күні сайлау учаскесінде дауыс беру қорытындыларын белгілеу және азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуын қадағалау болып табылады. Саяси партиялардан, сондай-ақ өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерден, коммерциялық емес ұйымдардан Қазақстан Республикасының азаматтары байқаушылар ретінде жіберіледі. Дауыс беру күні әрбір сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір партиядан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, коммерциялық емес ұйымынан бір байқаушыдан қатысуға құқылы. Жарғылық қызметінде сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру көзделген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар аккредиттеуге жатады. Акредиттеуді ҚР ОСК айқындайды.
ҚР ОСК 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 131/626 (ҚР ӘМ 27 желтоқсандағы № 31294 болып тіркелген) қаулысымен «Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидалары» бекітілді. Аккредиттеу алу үшін қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар мынадай құжаттарды жіберуі тиіс:
– әзірленген нысан бойынша өтініш;
– сайлауды байқауды жүзеге асыру құқығын растайтын жарғыдан үзінді.
ҚР ОСК интернет-ресурсында бес жұмыс күні ішінде аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың тізімі, сондай-ақ аккредиттеу туралы куәліктерінің қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған ұйымдардың тізімі орналастырылады.

БАЙҚАУШЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІН АЛУ ШАРТТАРЫ

Байқаушының Қазақстан Республикасының саяси партияларынан, өзге де қоғамдық бірлестіктерінен, коммерциялық емес ұйымдарынан өкілеттігі оның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда куәландырылуға тиіс. Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен куәландырылады және байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Құжаттар сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға ол туралы деректерді есепке алу журналына енгізу жолымен байқаушыны тіркеу үшін ұсынылады. Көрсетілген құжат Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында (бұдан әрі – ҚР ОСК) немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларында (бұдан әрі – АСК) аккредиттелген ҚБ немесе КЕҰ байқаушысына беріледі. Байқаушылар:
– сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;
– дауыс беруге, соның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға;
– дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде тиісті сайлау учаскесінің дауыс беруге арналған үй-жайында болуға;
– тасымалданатын сайлау жәшігін бақылап жүруге, соның ішінде оларды тасымалдау кезінде көлік құралында болуға;
– сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін барлық аталған рәсімдерді анық көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда байқауға;
– тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға;
– сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруін өткізу кезінде қатысуға;
– учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін санауы және жоюы кезінде қатысуға;
– дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі жасамай, фотожазба, дыбысжазба және бейнежазба жасауға;
– дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға;
– дауыс беру өткізілгеннен кейін дауыс беру қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшірмелерін алуға;
– сайлау комиссиясы мүшелерінің назарын осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуына аударуға, оларға бұзушылықтар туралы тиісті жазбаша мәлімдемелерді, актілерді табыс етуге және табыс еткені туралы белгі соқтыруға құқылы. Сайлау комиссиясының төрағасы, оны алмастыратын адам сенім білдірілген адамдардың, байқаушылардың өтініштері бойынша дауыстарды санау хаттамасына олардың жасаған актілерін қоса беруге міндетті.
Байқаушылар міндетті:
– олардың жеке басы мен өкілеттігін куәландыратын құжаттарын өздерімен алып жүруге;
– сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдерді қабылдау рәсіміне араласпауға;
– сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға;
– сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға;
– өз ескертулерін құжатталған, шынайы және тексеруге болатын фактілермен негіздеуге;
– Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға;
– алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге міндетті.
ҚР сайлау туралы заңнамасы бұзылған жағдайда байқаушы мен өзге де адамдар сайлау комиссиясының жазбаша нысанда қабылданған дәлелді шешімі бойынша дауыс беруге арналған үй-жайдан шығарылады. Байқаушылар ҚР заңнамасын бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы байқаушыны тіркеудің күшін жоюға құқылы.

СЕНIМ БIЛДIРІЛГЕН АДАМДАР

Кандидаттар сенiм бiлдiрiлген адамдарын өздерінің қалаулары бойынша тиісті сайлау округiндегi әр сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда анықтайды және оларды тiркеу үшiн тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды. Сенiм бiлдiрiлген адамдар ретiнде ұсынған тұлғалар тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сенiм бiлдiрiлген адам болуға келiскенi туралы өз өтінішін табыс етедi. Сайлау комиссиясы сенiм бiлдiрiлген адамдарды тiркегеннен кейiн оларға тиiстi куәлiк бередi. Сенiм білдiрiлген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиiс, ол Сенат депутатын сайлау кезiнде мәслихат депутаты, қандай да бiр сайлау комиссиясының мүшесi, саяси мемлекеттiк қызметшi лауазымындағы адам болмауға тиiс. Сенім білдірілген адамдар саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдар байқаушыларының құқықтары мен міндеттерін иеленеді. УСК сенiм бiлдiрілген адамның жазбаша нысанда берілген арызы бойынша дауыстарды қайта санауды жүргiзедi.

САЙЛАУДЫ БАЙҚАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ

Байқаушылар үшін сайлау жәшіктерін, жасырын дауыс беруге арналған кабиналардың кіруі мен шығуын бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
Дауыс беруге арналған үй-жайдағы дауыстарды санау жүргiзiлетiн столдар УСК мүшелерiнiң iс-әрекетiн үй-жайдағы қатысушы барлық адамдардың көрiп отыруы қамтамасыз етiлетіндей етiп орналастырылады. Дауыстарды санау кезiнде қатысатын сенiм бiлдiрiлген адамдар мен байқаушылар дауыстарды санауды бюллетеньдердегi белгілердiң көрiнiп тұруы қамтамасыз етiлетiндей қашықтық пен жағдайда байқап тұрады.
Дәулет ЕРІМБЕТОВ,
Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар