Мақтаарал – тек шұрайлы жері мен еңбексүйгіш халқы емес, бірлік пен келісімнің нағыз үлгісі. Бұл өңір – сан түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан қасиетті мекен.
Қазақ, өзбек, тәжіктер, орыстар мен басқа да этнос өкілдері бірліктің, сыйластықтың және өзара құрметтің негізінде еңбек етіп, бір қоғамда өмір сүруде. Бұл – ұзақ жылдар бойы қалыптасқан достықтың, ашық диалог пен мәдени түсіністіктің нәтижесі.
Мақтааралда әр этнос өз тілі мен мәдениетін сақтап қана қоймай, ортақ мақсат – елдің дамуына үлес қосып келеді. Ұлттық мерекелер бірлесе тойланып, ортақ қайырымдылық істерге белсенді атсалысу – бұл жергілікті өмір салтына айналған.
Ынтымақ бар жерде – ырыс бар
Мақтаарал жастары да татулық пен достықтың маңызын терең түсінеді. Олар түрлі мәдени, спорттық және әлеуметтік жобаларда бірге жұмыс істеп, ұлттық бірлікті нығайтуға өз үлесін қосып келеді. Бұл – болашағы жарқын елдің кепілі.