15.8 C
Munich
Суббота, 27 июля, 2024

ЕЛДІ-МЕКЕНДІ КӨРКЕЙТУ — БАСТЫ МІНДЕТ

Оқылып жатыр

Аудан шырайын шұғылалы ету мақсатында аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен ауданды көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді.

2-наурыз күні «Алғыс айту күні» мерекесіне арналып аудан көлемінде жаппай сенбілік өтті. Көктем келіп, қар еріп, табиғаттың тынысын ашу мақсатында өткен сенбілік жұмыстары барысында жол жиектері, арық-атыздар, қоғамдық орындар күл-қоқыстан тазартылып, дарақтер егілді. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен мақтааралдықтар сенбілікте ерекше белсенділік танытты.

«Аталған шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Әр адам өз үйін әдемі, ауласын таза ұстаса, ауылдың тазалығы мен көркіне көрік қосар еді. Әр тұрғын сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса, тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Жанға рахат, көңілге шаттық сыйлайтын тазалық шараларына алдағы уақытта да аудан тұрғындары белсене қатысса, нұр үстіне нұр болар еді» — деді ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын (үй) инспекциясы бөлімінің бас маманы Қ.Иманусенов.
Аудан көлемінде жүргізілген тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері мен еріктілер, аудан тұрғындары біркісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде ауданның кіреберіс аймағын, қоғамдық орындар мен балалар ойын алаңдарының сыртқы қоршаулары сырланып, талдар әктеліп, парктер мен аллеялар тазаланды. Орталық көшелер мен қоғамдық орындардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары 6,3 тонна күл-қоқысты белгіленген орындардан шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Айта кетейік, жүргізілген сенбілік нәтижесінде аудан бойынша тазалық жұмыстарына 650-ден аса адам, 10-нан астам техника жұмылдырылды. Жалпы көлемі 30 гектардан астам аумақ күл-қоқыстан тазартылды.

 

Алдыңғы мақалаАЛҒЫСПЕН ЕР КӨГЕРЕР
Келесі мақаладаЖАҢА СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ
- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар