14.7 C
Munich
Дүйсенбі, Маусым 3, 2024

МЕНІҢ СҮЙІКТІ БАЛАБАҚШАМ

Оқылып жатыр

Мен көп жылдардан бері «Әсел» балабақшасында тәрбиеші болып қызмет етіп келемін. Өз мамандығым өзіме ұнайды. Бұл мамандықты жастайымнан армандайтынмын. Балабақша барлық тәрбиенің бастамасы дейді. Баланың өмірге алғашқы қадамы осы балабақшадан басталады. Бұл шындық. Кішкентай сәбидің бойына  білім  нәрін  сеуіп, үлкен өмірге алғашқы қадамын да жасататын біздер, тәрбиешілер.

Бақшадағы балалар осында білім, тәрбие алып, үлкен өмірге деген алғашқы қадамы, көзқарасы қалыптасқан соң ба сүйікті бақшасымен қоштасарда қимай жатады. Оларға бұл орын өте қымбат, қадірлі мекен. Тәрбиешілері екінші анасындай болып кетеді. Оның себебі, балаларға білім беру үшін іс-әрекет, ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, көздеген мақсатқа жеткізу үшін тәрбиеші бар білімі, білігін сарп етеді. Бұл кезеңдер балалар үшін өмірінде қызығы мен қуанышы қатар жүретін естен кетпес жылдар болып қала береді. Бақшаны – бала бағбандарының мекені немесе болашақтың қақпасы  дейді. Болашақтың қақпасы – әрбір балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде патриоттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа дер едім. Күнделікті өмірдің өзінде көріп жүргеніміздей бақшаға барған баламен, бақшаға бармаған баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей екені рас. Қай жағынан алып қарамасын сөйлеу мәнерлерінде де, өз ойларын жеткізе білуде де айырмашылықтар көзге бірден ұрып тұрады.

Балабақшада балалар өздеріне жауапкершілікті сезіне алады.
Балабақшада дұрыс тәлім-тәрбие берілсе ол ертең мектепке барғанда үздіктер қатарында болып, саналы, сапалы білім алатындай дәрежеде болады. Сондықтан біздерді, тәрбиешілерді түрлі болашақ мамандық иелерін тәрбиелеуші десе де болады. Балабақшадан қанат қағып ұшқан баланың тәрбиесінің мықты болуы өзі тәрбиеленген балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға байланысты. Балабақша балаға ұлттық тәрбие, салт-дәстүрлердің негіздерін үйретеді. Айта берсек балабақшаның балаға үйретері өте көп.

Қорыта айтқанда, балабақша – менің де, сіздің де бәріміздің сүйікті балабақшамыз.

Ширин Жаңабайқызы ЖАМАНКАРАЕВА,

№10 «Әсел» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.

Атакент кенті.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар