ҮЙІРМЕНІҢ ҮЙРЕТЕРІ КӨП
Ж.Нұрлыбаев атындағы №27 жалпы орта мектебінде оқушылардың шығармашылығын арттыру, танымдық, іскерлік қабілеттерін дамыту, белсенділігін қалыптастыру және өздігінен еңбек етуге дайындау мақсатында «Шебер қолдар» үйірмесі тыңғылықты жұмыс жасап келеді.
Үйірменің жас буынға үйретері көп. Өйткені, оқушылар түрлі өнер бұйымдарын жасап қана қоймай, сол заттың қадір-қасиетін түсінеді және оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді. Бүгінгі таңда мектебіміздегі «Шебер қолдар» үйірмесінде 12 қыз бала бар. Қыздарымыз дәстүрлі қолөнер туралы танымын кеңейтіп, әр түрлі бұйымдар жасауға машықтанып жүр. Олардың жасаған бұйымдары сынып сөрелерінде орын алған. Ұзақ уақыт пен аса мұқияттылықты талап ететін көлөнер туындылары көздің жауын алады. Әсіресе, ұлттық ою-өрнек нақыштарымен әшекейлеген бұйымдар жасауға қызығушылықтары артуда. Шеберлікке шыңдалып жатқан қыздарымыз тоқыма сөмке, қуыршақ және түрлі түсті қағаздардан гулдер және қалдық заттардан әр түрлі бұйымдар жасауда.
Үйірме мектеп оқушыларының бос уақытын мазмұнды да мағыналы өткізуге жол ашады. Сонымен қатар еңбекқорлыққа, тазалыққа, көркемдікке бейімдеп, өнерге құлшынысын арттырары сөзсіз.
Ахылтаева Раушан Бекмырзақызы,
Ж.Нұрлыбаев атындағы №27 жалпы орта мектебінің қосымша білім беру педагогы.