1.1 C
Munich
Четверг, 21 ноября, 2024

Тәрбие – тал бесіктен

Оқылып жатыр

АЛҒЫС АЙТУ ІЗГІЛІКТІ ҮНДЕЙДІ

Жуырда Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Әсел» балабақшасында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мерекелік шара өтті.

Жас ұрпақты кешірімді болуға үйрету, сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, адамгершілік қасиеттерін арттыру, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шарада балаларымыз өлең айтып, бір-біріне ізгі тілектер мен алғыстарын жеткізді.

Мерекеге арнайы шақырылған ата-аналарымызға бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, тамаша көңіл-күй сыйлады.

Балабақша меңгерушісі Т.Байтұяқова да ізгі тілегін жеткізіп, көктемнің алғашқы күнімен қатар келетін сыйластық мерекесімен баршаны құттықтады. Балаларына сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жатқан балабақша ұжымына да ата-аналар ризышылықтарын айтып, алғыстарын жеткізді.

Тағаева Ұлжан Айтжонқызы,

№10 » Әсел» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.

Алдыңғы мақалаҮЙІРМЕНІҢ ҮЙРЕТЕРІ КӨП
Келесі мақаладаДИҚАНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА
- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар