15 C
Munich
Воскресенье, 8 сентября, 2024

Көктемнің алғашқы мерекесі

Оқылып жатыр

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Жақында Мақтаарал ауданында Алғыс айту күніне арналған салтанатты кеш өтті. «Мақтаарал» мәдениет үйінде өткен іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысып, аудан жұртшылығын мерекемен құттықтады.
“Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық» — деді Алтын Күнтуқызы.


Салтанатты жиында ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташева, аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Шахзада Құрбанбаева, аудандық әкелер мектебінің төрағасы Байтен Шадияр және тәжік, өзбек этно-мәдени орталықтарының төрағалары сөз сөйледі.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында айтулы мерекеге орай кенттер мен елдімекендерде ұлттар достығын нығайтатын түрлі іс-шаралар өткізілді.

Д.АЯЗБЕКОВ.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар