Биыл ауа райының қолайсыздығына қарамастан ауданымыздың дихандары ойдағыдай өнім өсіріп отыр.
Жеке талдап айтар болсақ, Бірлік ауыл округінде қауынды пленкамен 43 гектарға, ашық әдіспен 890 гектарға, ал қарбызды ашық әдіспен 27 гектарға екті. Жамбыл ауыл округінде жалпы 765 гектарға бақша өнімдері егілсе, оның 365 гектарға қауыны пленка астында, ашық әдіспен егілген қауын 142 гектарға. Ал қарбыз өнімінің 203 гектарға пленка астында, ашық әдістегісі 55 гектарды құрап отыр.
Мақтаарал ауылдық округі де биыл жақсы өнім өсіруге қол жеткізді. Жалпы егілген бақша өнімдері 2917 гектарды құрайды. Оның 1836 га. пленка астындағы қауын, 944 гектардағы қауын ашық әдіспен өсуде. Қарбыз өнімінің 102 гектары пленка астында, 35 гектары ашық егістікке егілген. Иіржар ауылында да шаруа дихандардың тынымсыз еңбегі арқасында биылғы егілген бақша өнімдері ойдағыдай пісіп жетілуде. Мұнда жалпы 3068 гектарға бақша өнімдері егілген. Оның 1836 гектар қауыны пленка астында, 2728 гектары ашық әдісте. Ал қарбыз өніміне келсек 7 гектар өнім ғана ашық әдіспен егілді. Ж.Нұрлыбаев ауылында 1153 гектарға егілген бақша өнімінің жетілуі көңіл көншітерліктей. Қауынның 93 гектары пленка астында, 1057 гектары ашық әдісте өсіп келеді. Ал қарбызға келер болсақ биыл қарбыз тек 3 гектарға ғана пленка астында егіліп отыр.
Жаңа жол ауылдық округінде 2422 гектарға бақша дақылдары егілді. Оның 255 гекатар қауыны пленка астында, ашық әдістегісі 2165 гектарды құрап отыр. Қарбыз өніміне келсек 2 гектары пленка астында өсіп жетілді. Еңбекші ауылындағы бақша өнімдері де былтырғыға қарағанда ертерек пісіп жетілуде. Мұнда жалпы егілген 1755 гектардың 455 гектары қауыны пленка астында ал ашық әдіспен өсіріліп отырғаны 1298 гектар. Ал қарбызды ауыл дихандары 2 ғана гектарға ашық әдіспен егіпті. Достық ауылындағы өнімнің де былтырғыға қарағанда жетілуі тез әрі өнімі де көптеу. Жекелеп айтар болсақ «Достық» дихандары жалпы егілген 3165 гектар алқаптың қауынды 2305 гектарына пленка астында, 750 га ашық әдіспен жетілдірді. Достықтық дихандар ауданда алғашқы болып піскен қауын, қарбыз өнімін Ресейге, жақын көрші елдерге экспорттап жатыр. Өнім ойдағыдай дейді дихандар.
Бүгінгі таңға дейін 50 гектардан аса танаптың өнімі экспортталып отыр. Баға да дихандардың көңілінен шығуда. А.Қалыбеков ауылдық округі биыл 704 гектар жерге қауын-қарбыз өсірсе, оның 4 гектар қауыны пленка астында, 700 гектары ашық әдіспен егілген. Ал қарбыз өніміне келер болсақ 70 гектары пленкада, ашық әдістегісі 40 гектарды құрап отыр.
Жоғарыда ауданымыздағы биылғы егілген бақша өнімдері туралы жалпы мәліметтерді келтірдік. Өткен жылдың соңы да, жыл басы да аязды болды. Қар көп түсті. Күн қатты суып кетті. Егіске ерте бастан кірісетін дихандарымызға бұл көп қиыншылықтар тудырды. Істеріне қолбайлау болды. Дегенмен аудан шаруа-дихандары барынша тынымсыз, қажырлы еңбегінің арқасында уақтылы бақша дақылдарын егіп, өсіріп, жетілдірді. Негізінен елімізді бақша өнімімен қатмамасыз ететін осы өзіміздің Мырзашөл өңірі. Біздің өніміміз республикамыздың барлық аймақтарына, сонымен қатар алыс-жақын шетелдерге де экспортталады. Бүгінгі таңдағы баға да диқандардың көңілінен шығып отыр деп айтуға болады. Қазір дихандарымызда нағыз қарбалас шақ. «Еңбек етсең емерсің» демекші, дихандарымызға еңбектеріңіз жемісті, табыстарыңыз тасқынды болсын дейміз. Істеріңізге сәттілік.
Жалғас АДЫРБЕКОВ.