0.8 C
Munich
Пятница, 13 декабря, 2024

1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 30%-ҒА ӨСЕДІ

Оқылып жатыр

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаменті, Президенттің тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қаңтарынан осы жылдың басына дейін балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 25%-ға өсіп отырғанын хабаралған болатын.

Тағы бір қуанышты жаңалық, биыл 1 қыркүйектен бастап тағы 30%-ға өседі.

Яғни еліміздегі 97 мыңнан астам педагогтың жалақысы 2,5 есеге артады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева педагогтердің жалақысын жыл сайын арттыру оң нәтиже бергенін атап өтті.

Оның айтуынша, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында оларды даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру бойынша министрлік жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Әдістемелік кабинеттер жанынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін мобильді топтар құрылған.

Елімізде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша кадрларды 39 жоғары оқу орны мен 119 колледжде даярлап шығарады.

Колледждер өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдармен бірге «Педагог» кәсіби стандарты негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейді және оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңартады. Педколледждерге қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралады.

Сондай-ақ, биыл балабақшада жұмыс істейтін 20 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар