0.8 C
Munich
Пятница, 13 декабря, 2024

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Оқылып жатыр

Өткен аптаның соңында ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Бақыт Асанов бастаған мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

Өмірзақ Озғанбайұлы ел басқару ісінде қариялардың рөлі ерекше екенін атап өтіп, былай деді:
«Заманында адуынды ақын, айбарлы батыр Махамбет Өтемісұлы «Қарттары егер болмаса, жастары болар диуана» деп айтқан екен. Мұқағали Мақатаев «Ауылда бір қария болмаса егер, ағайын араздасып кетер еді» деп айтады. Ежелгі рим мен гректердің елінде «Көрген-білгенін айтпаса, ағалардың өздері кінәлі» деген сөз бар. Қоғамда үлкен орынға ие болған, айрықша биік статусы бар ақсақалдардың ұйымы қазақ елінде де осындай іргелі және беделді болуы керек. Бұл ұйым бірінші кезекте, халқымыздың құндылықтарын – дінді, ділді, тілді насихаттауға, қуаттауға үлкен көмек көрсетіп жатыр. Сонымен қатар, жастар тәрбиесіне белсене атсалысуда. Ардагерлер кеңесі еліміздің бағыт-бағдарын, Президентіміздің саясатын қолдап, оны халыққа түсіндіруде үлкен жұмыстар атқаруда».
Кездесу соңында аудан әкімі Бақыт Асанов халқымыздың ардақты тұлғасы — Өмірзақ Озғанбаевқа алғысын білдіріп, мықты денсаулық, шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ, үстіне шапан жауып, Мақтаарал ауданы туралы «Күн сүйген өлке — Мақтаарал», «Мақтаарал, біз біргеміз!» кітаптарын сыйға тартты.
Д.АЯЗБЕКОВ.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар