3.5 C
Munich
Вторник, 3 декабря, 2024

ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ АУДАНЫМЫЗҒА КЕЛДІ

Оқылып жатыр

Мақтаарал аудандық мешітінің бас имамы Нұржан Мұсабеков Аманұлының ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан қажы Төлепов Мақтаарал ауданының әкімі Асанов Бақыт Насырханұлымен жүздесті.
Бас имам аймағымыз бойынша діни ахуал тұрақты екендігін жеткізіп, дін саласындағы атқарылып жатқан жұмыстармен және алда жасалатын діни іс-шаралар жоспарымен бөлісті. Жат ағымдардың алдын алу шаралары бойынша атқарылып жатқан жүйелі жұмыстармен бөлісе отырып, алдағы уақытта жастарымыздың ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген кодын сақтап қалу жолдары сөз болды. Аудан әкімі Бахыт Асанов және аудан имамы Н.Мұсабеков, аудандық сот төрағасы Қ.Мұсаев т.б. бірге жаңадан салынатын мешіттің орнымен таныстырды. Жаңа мөлтек елді мекенінде заманауи мешіт салу жоспарланып отыр.
Бас имам Е.Төлепов игі бастамаларға қолдау білдіріп, жанашырлық танытып келе жатқан аудан әкімі Бахыт Насырханұлына өз ризашылығын білдіре отырып, қасиетті Құран кітабын сыйға тартты. Сапар аясында Ержан қажы аудан әкімдігінің жанындағы ардагерлер кеңесінің мүшелерімен арнайы кездесіп, ақсақалдарымыздың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сондай-ақ, ауданға қарасты барлық имамдармен сұхбаттасты.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар