-0.5 C
Munich
Воскресенье, 24 ноября, 2024

РӘМІЗДЕР — ЕЛІМІЗДІҢ БОЙТҰМАРЫ

Оқылып жатыр

Рәміздер күніне орай еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтіп, Мемлекеттік гимніміз шырқалды. Аталған шараға Мақтаарал ауданының мемлекеттік қызметшілері де белсене атсалысып, Мемлекеттік туға қарай сап түзеді.

Іс-шара барысында аудан әкімі Бақыт Асанов аудан жұртшылығын айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін арнады. Санамызға тәуелсіздік идеясын орнықтырып, патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда ерекше мәнге ие Мемлекеттік рәміздеріміздерге құрметпен қарау — патриотизмнің асқан белгісі екенін аудан басшысы атап өтті.
«Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. » — деді Бақыт Насырханұлы.
Мырзакент кентінің орталық алаңында өткен салтанатты шарада мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар Әнұранымызды шырқап, бір-бірлерін мерекемен құттықтасты. Аудан өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар