15 C
Munich
Воскресенье, 8 сентября, 2024

Аудан шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша

Оқылып жатыр

Аудан шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша

ХАБАРЛАМА

“2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы” шеңберінде 2023 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету және жұмысқа орналасуына ықпал ету мақсатында, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жоспар қаралуына байланысты, Аудан шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға, ниетті жұмыс беруші жеке кәсіпкерлермен кәсіп орын басшыларын қатысуға шақырамыз.

Ескертпе: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес.

Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысына ай сайынғы субсидиялар мөлшері:

1) жұмысқа орналастырудың алғашқы 12 айында – жалақының 70%, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақы мөлшерінің 30 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайды;

2) жұмысқа орналастырудың 13-24 айы аралығын қоса алғанда – жалақының 65%, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақы мөлшерінің 30 АЕК-тен аспайды;

3) жұмысқа орналастырудың 25-36 айы аралығын қоса алғанда – жалақының 60%, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақы мөлшерінің 30 АЕК-тен аспайды.

Мақтаарал ауданының әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар