9 C
Munich
Пятница, 18 октября, 2024

ҚҰЖАТТАР ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ БАР БОЛСА, ҚАҒАЗҒА ШЫҒАРУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

Оқылып жатыр

ҚҰЖАТТАР ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ БАР БОЛСА, ҚАҒАЗҒА ШЫҒАРУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

Қысқа мерзімді жоспарды (ҚМЖ) жазу – орта және арнаулы білім беру ұйымдарындағы педагогтердің жүргізу үшін міндетті құжаты болып саналады.

Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды электронды түрде және қағаз форматта ұсына алады. Егер мектеп электрондық жүйеге қосылған жағдайда ҚМЖ-ны қағаз жүзінде жазып шығару талап етілмейді.

Мұны жазып отырған себебім, мысалы аудандарға іссапармен шыққан кезде мектептің педагогикалық ұжымымен жиналыс жасаймын. Сонда көбіне құжаттарды қағазға шығарып жатады.

Осы қағазбастылықты көргеннен кейін осылай жазуға мәжбүр болдым.

Оқу процесі ұйымдастыру мен мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдарының әкімшілігіне мектепішілік бақылау нормативтері ұсынылған.

Білім беру ұйымы директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының лауазымдық міндетінің біріне – педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексеру жатады. Қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды тексеру мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Ал, оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары №130 бұйрығына сәйкес дайындалады және оны қағазға шығарудың қажеті жоқ.

Осы ретте айта кететін жайт, педагогтерден Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап еткен жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 409-бабы 7-3-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Мектеп электрондық жүйеге қосылған электрондық форматқа көшкен жағдайға қарамастан қағаз түріндегі қысқа мерзімді жоспарды мектеп әкімшілігінен сұратып жатса, Департаменттің сенім телефонына хабарласа аласыздар.

Сенім телефоны: 8 725 5 75 55.
Жеке өзімнің телефон номерім: 8 775 740 1207.

Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы,

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар