Өздеріңізге белгілі 26 сәуір мен 11 мамыр аралығында еліміз бойынша білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББМЖ) өткізіліп жатыр .
Осыған байланысты Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары, Қызылорда облысында орналасқан 12 білім беру ұйымдарына мониторингке қатысып жатыр.
ББМЖ (МОДО) дәстүрлі түрде 4 және 9 сынып оқушылары үшін оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бағыттары бойынша өтеді.
Қосымша айта кететін болсақ, ББЖМ -ны өткізу үшін «бір аудитория — бір тәуелсіз сарапшы» принципіне сәйкес эксперттермен келісім-шарт жасалды. Сонымен қатар, министрліктің, сапаны қамтамасыз ету комитетінің және аумақтық департаменттердің, «Өрлеу» орталығының филиалдары, ЖОО, республикалық ұйымдардың өкілдері байқаушы ретінде қатысады.
Департамент атынан қызылордалық барлық оқушыларға сәттілік тілейміз!
Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті.