3.5 C
Munich
Вторник, 3 декабря, 2024

МАҚТААРАЛДЫҚ ДЕПУТАТ ЕРЕКШЕ ТӘСІЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР

Оқылып жатыр

Атакент кенті — ауданымыздағы ең үлкен кент, халқының саны жағынан бірінші орын алады. Тоғыз жолдың торабында орналасқан кентте кәсіпкерлік саласы өте жақсы дамып, әлеуметтік-экономикалық дамуы ешқашан тежелген емес.

Халық тығыз орналасқандықтан, мұнда мәселелер жоқ емес. Көшелерді абаттандыру, көгалдандыру, тазалық мәселесі және коммуналдық салаларда да мәселелер баршылық. Сондықтан, тұрғындардың ынтымағын арттырып, осы мәселелерді бірлесе шешу өте маңызды іс.

Атакент кентінен аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланған Қанат Мырзахметов жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін ерекше тәсілмен жұмыс істеп, өзінің сайлаушылары тұратын 46 көшенің әрбірінен көше жауаптыларын бекітіп алды.

«Негізінен кентімізге шын жаны ашитын, тұрғындарға сөзін өткізе алатын, халықты ұйымдастыра алатын нағыз жанашырларды көшеге жауапты болуға таңдап алғанымды айта кеткенім жөн. Бұл азаматтар арқылы мен әрбір сайлаушымның үнін еститін боламын. Әрбір тұрғынымыздың мәселелерінен хабардар болып, ұсыныстарын тыңдай аламын. Сонымен қатар, ұлтаралық, отбасылық және тұрмыстық кикілжіңдерді шешуде, халықты ұйыстыруға, ынтымақ-бірлігін арттыруға, қоғамдық мәселені халық болып шешуге көше жауаптылары үлкен ұйытқы бола алады» — деді, халық қалаулысы.             Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын» деген сындарлы сөзді айтқан болатын. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде ең бірінші жұмысын өзіне сенімді өкілдер — көше жауаптыларын бекітуден бастаған депутат Атакентті болашақта гүлденген, таза, тұрғындары мәденитті, қайырымды кент ретінде көргісі келетінін атап өтті. Сондай-ақ, тұрғындарды тазалық мәдениетін сақтауға шақырды.

Айта кетейік, халық қалаулысының тың бастамасы басқа да депутаттарға үлгі болатыны сөзссіз.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар