14.5 C
Munich
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ – САЛАУАТТЫ ӨМІР АЙНАСЫ

Оқылып жатыр

МЫРЗАКЕНТТЕ СПОРТ САРАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН ҚАЛДЫ

Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде спорт сарайының құрылысы аяқталуға жақын қалды. Қазіргі таңда құрылыс нысанында ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Спорт сарайы ел игілігіне берілгеннен соң аудан жастарының көптеген спорт түрлерімен кәсіби деңгейде айналысуына мүмкіндік туады.

Кеше аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков құрылыс нысанына барып, арнайы аралап көрді. Орын алған кейбір кемшіліктер бойынша мердігер мекемеге ескерту берді. Сондай-ақ, құрылыс нысанын өз уақытында аяқтауды тапсырды.

Нысанның конкурстық құны 881 миллион теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і жүргізуде. 2022 жылдың сәуір айында басталған құрылыс нысаны жақын арада ел игілігіне берілетін болады.

Жалпы спорт сарайының жобасы бойынша нысан 2 қабаттан тұрады. Сондай-ақ, 2 үлкен спорт залы және жаттығу залы, сабақ өтуге арналған арнайы залдар бар. Бірінші қабаттағы спорт залында спорттың гандбол, баскетбол, волейбол түрлері дамытылатын болады. Ал, екінші спорт залында күрес, бокс, гимнастика, ауыр атлетика, жеңіл атлетикамен айналысуға барлық жағдай қарастырылады.

Бұдан бөлек, әкімшілік қызметкерлеріне арналған кабинеттер мен бөлмелер, дәрігерлердің кабинеті, киім шешетін және жуынатын бөлмелер, спортпен шұғылданушылардың демалуына арналған үй-жайлар, санузелдер және ғимарат сыртында автотұрақ пен шағын футбол алаңшасын орналастыру жоспарланған.

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ КІТАПХАНАШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайды.

Жақында Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков аудандық кітапхананың қызметкерлерімен кездесу өткізіп, жалпы ауданымыздың рухани байлығы саналған аудандық кітапхананың жай-күйімен танысты.
Кітапханашылар жаңа әрі заманауи ғимарат салып берген аудан басшылығына үлкен алғыстарын жеткізе отырып, кітапхананы жаңа компьютерлермен толықтыруды және интернет жылдамдығын арттыруды өтінді. Өйткені, қазіргі таңда электронды кітапханаға деген сұраныс артқан. Сонымен қатар, олар кітапхананы жаңа кітаптармен толықтыру мәселесін де көтерді.
Кітапханашылардың әрбір мәселесімен толық танысқан Бейсенбай Тасболатұлы тиісті сала басшыларына арнайы тапсырма берді.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков «Мақтаарал» мәдениет үйінің қызметкерлерімен де кездесу жиынын өткізді.

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков «Мақтаарал» мәдениет үйінің қызметкерлерімен де кездесу жиынын өткізді.
Жиын барысында мәдениет қызметкерлерінің мұң-мұқтажын тыңдады. Ауданда осы саланы дамыту үшін қызметкерлер тарапынан бірнеше ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, мәдениет үйлерін заманауи музыкалық аппаратурамен қамту, сахналардың жарықтандырылуын күшейту, перделерді жаңарту, Атакент кентіндегі «Достық» мәдениет үйіне лэд экран орнату, елді мекендердегі мәдениет үйлерін газбен жылыту сияқты бірнеше өзекті мәселелер қозғалды.
Бейсенбай Тасболатұлы әрбір көтерілген мәселені жіті тыңдап, шешілуі үшін тиісті сала басшыларына арнайы тапсырма берді.

 

 

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар