Бүгін Мақтаарал ауданында аудан әкімін сайлап, жарқын болашақ құруға жаңа қадам тастайтын болады.
Аталған дүбірлі науқанға Мақтаарал ауданы үлкен дайындықтар жасап үлгерді. Қазір ғана ауданымызда 62 сайлау учаскесінде еліміздің әнұраны шырқалып, ресми түрде ашылды. Жалпы аудан бойынша 70 648 сайлау құқығына ие азаматтарымыз бар.
Барлық сайлау учаскелері интернет, байланыс телефоны, бақылау камераларымен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал жабдықтармен толық қамтылған.
Мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасау үшін сайлау учаскелері арнайы кабиналармен, тактилдік көрсеткіштермен, тактилді жолақтармен, арнайы бұрыштармен, мониторлы компьютермен, құлақаспаптармен, ұлғайтқыштармен, тұтқалармен және пандустармен толық жабдықталған. Сонымен бірге, сурдо-тифло аудармашы 9, тасымалдау қызметімен 3 инватакси, 4 әлеуметтік таксилерімен сайлау учаскелері қамтамасыз етілетін болады.
Сайлаушылар тізімдері және сайлау мәселесі бойынша қосымша Call-орталығы жұмыс жүргізуде (Жұмыс телефоны: (8(72541)2-12-35, 87003410508, 87085981955).
Айта кетейік, ең алғашқы болып келген сайлаушыларға сайлау учаскелерінде түрлі сыйлықтар үлестірілуде.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі