0.6 C
Munich
Пятница, 13 декабря, 2024

МЕН ДЕ ӨЗ ТАҢДАУЫМДЫ ЖАСАДЫМ

Оқылып жатыр

Еліміздегі маңызды шараның бірі – аудан әкімдерін сайлау науқанына мен де қатысып өз таңдауымды жасағанымды мақтаныш көремін. Себебі, бұл шара ауданымыздың ертеңгі күніне алаңдамай, оның экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан  дамуына үлес қосу болып табылады.

Мен өз даусымды ауданымызды қайта қалпына келген кезден бастап  басқарған Бақыт Асановқа бердім. Себебі, ол жергілікті жердің жағдайын жақсы білетін іскер басшы ғана емес, сонымен бірге аудан тұрғындардың талап-тілектеріне дер кезінде құлақ асып, оны шешуге барын салуда. Соның арқасында ауданымызда көптеген жайсыз жайлардың алды тез алынып, түрлі  ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Ал татулық болған жерде өрлеу болатыны белгілі ғой. Нәтижесінде қайта құрылғана 5 жыл болған ауданымыз оң экономикалық және әлеуметтік көрсеткіш жағынан республикамызда алдыңғы орындарда жүр.

Ауданымыздың басқа тұрғындарының да өз болашақтарына әсер ететін бұл шараға айрықша жанашырлықпен, белсенділікпен, жауапкершілікпен атсалысқанына сенімім зор.

Нұралы АҚЫЛБЕКҰЛЫ,

зейнеткер.

Атакент кентінің тұрғыны.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар