0.8 C
Munich
Пятница, 13 декабря, 2024

ҚОЛЫ ЖЕҢІЛ, ЕМІ ШИПАЛЫ

Оқылып жатыр

Стоматолог Шермухамед Досымбетовке ел риза

Басың ауырып, балтырың сыздаса, ем-дом іздеп баратының кім? Жаның шырқырап, кеудең қысып, ұйқың қашып, ауру мазаңды қашырса тағы да іздейтінің кім еді? Әрине, дәрігер. Оның ішінде ауыз қуысын, тісіңді емдеп жазатын ақ желеңді абзал жандар – дәрігер-стоматологтардың да еңбегі ерен.

Мақтаарал ауданында «Атакент» тіс емханасының ұжымында тәжірибелі, жоғары категориялы білікті дәрігерлер сырқаттанып келген әрбір жанның жүздеріне шуақ сыйлап, алғысқа бөленіп келеді. Солардың ішінде «Ең үздік стоматолог-дәрігер» номинациясының иегері, қолы жеңіл, емі шипалы Шермухамед Нұралыұлы Досымбетов саусағына мың-сан шипа қонған білікті маманның бірі. Ол 2011 жылы С.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина университетін «Дәрігер – стоматолог» мамандығы бойынша бітірген соң, алғашқы еңбек жолын Шымкент қаласындағы «Диастом» жеке клиникасында бастайды. Небір мықты стоматологтар шоғырланған бұл емдеу орны – Ресей мен Қазақстанға белгілі, медицинаның озық жетістіктерін терең меңгерген клиника. Осында жоғары категориялы дәрігер, 40 жыл еңбек өтілі бар Есбол Ерназаровтан тісті емдеудің қыр-сырын үйренді. Көп ақыл-кеңесін тыңдады. Шермухамед шымкенттік ару Фаризаны жар етіп, үйленген соң Атакенттегі қара шаңыраққа оралды. 2014 жылдың қыркүйегінен бері осы «Атакент» тіс емханасында жемісті еңбек етіп келеді. Үш жылдай осы кенттегі мемлекеттік емханада да қосымша дәрігер-стоматолог болып жұмыс істеді.
Бір ерекшелігі, 20 жылдық еңбек өтілі бар Әлжан Байботаев басқаратын клиникада темірдей тәртіп, жоғары талап пен жауапкершілік орныққан. Мұнда кілең жоғары білімді стоматологтар ем-дом жасайды. Клиника соңғы үлгідегі заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толыққан. Әрбір стоматолог күн сайын 10 шақты пациентке дәрігерлік қызмет көрсетеді.
Шермухамедтің өзі кез-келген күрделі ауру тісті емдеудің – (эндоматор), сапалы материалмен тісті эстетикалық түрде жаңғырту, тісті имплатанциялау, протездеу, металсыз керамикалау, күрделі ауру тістерді жұлу т.б. оннан астам түрін жақсы меңгерген. Ол алдағы кезде «Тотальный винир» көмегімен тіс емдеудің жаңа заманауи тәсілдерін игерсем дейді.
Ш.Досымбетов әріптестері – жоғары білімді стоматологтар – Мұхит Калибеков, Игор Ким, Анатолий Климовтармен қоян-қолтық бірге жұмыс істеп, өзара тәжірибе алмасып халыққа сапалы дәрігерлік қызмет етуде.
Шермухамед 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ең үздік стамотолог-дәрігер» номинациясын иеленді. Бұдан соң «Шымкент, Тараз, Қызылорда бойынша үздік стоматолог-дәрігер» атанды. Бұл жас маман үшін үлкен жетістік, зор абырой. Шермухамедтің әкесі – Нұралы ардагер ұстаз, анасы Нағима ұзақ жылдан бері емханада мейірбике болып істейді.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, біз осындай іскер, білімді де білікті, мейірімді тіс дәрігері Шермухамедке елдің алғысы мен ақ батасын ала бер, өркенің өсе берсін дейміз.
Олжас ҚАЛДЫБАЙ.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар