4 C
Munich
Пятница, 8 ноября, 2024

Тіл — тәлім-тәрбиенің негізі

Оқылып жатыр

Тіл — қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлім-тәрбиесінің негізі. Елінің болашағын ойлаған, құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын.

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v80), default quality

Қазір ақпарат құралдарының, технологиялардың дамыған кезеңі. Бұл – біздің үнімізді, рухани байлығымызды бүкіл әлемге танытуға мол мүмкіндік. Тек таза сөйлеп, айтатын ойымызды жоғары дәрежеде мағыналы шебер жеткізе алсақ болғаны. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та, жазсақ та таусылмақ емес. Адамзаттың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл – тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі.

Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Есейе келе кітаптан, қоғамнан, халықтан үйреніп, меңгереді. Осылай ана тіліміз ананың ақ сүтіндей бойымызға сіңе береді. Ана тілі арқылы ғана маңайындағыны саралап ой түйе отырып, еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.

Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем танитын ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуіміз қажет. Ата-бабаларымыздың тарихы мен шежіресі, түрлі әдеби мұралары бүгінгі ұрпаққа өзіміздің ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас, әрі бірегей ұғым. Қоғамның жылжып өзгеруіне байланысты тіл де дамып өзгеріп отырады. Қазақ тілі мәселесін мемлекеттік деңгейге көтерілгеннен кейінгі жылдары бұқара жұртшылықтың да, жастардың да ана тілі үшін көптеген маңызды жұмыстар атқарғаны белгілі.

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Дүниедегі барлық халық аңсаған тәуелсіздігін, ата-баба дәстүрін, ана тілін сақтау үшін ұмтылады. Сондықтан кез-келген мемлекеттің өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше құрметтейді, қорғайды.

Ана тілін дамыту үшін әркім өз ана тілінде таза сөйлеуі тиіс. Себебі, жүйелі тіл жүйелі ойды құрайды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жүйелі сөзбен алқалы топты еңсерген ойшыл, шешендерді, халық жүрегінде жатталған дала данышпандары, қара қылды қақ жарған әділетті би-шешендер тілге деген құрметін асқақтатып, ұлылық пен ұлағат, өнеге мен тағылымның мектебі, аталы ойдың алтын қазығы бола білді.

Ана тіліміздің айбынын асқақтатып, қасиетті қазақ жерінде қазақ тілінің мәртебесін көтерейік!

Сержан ОСПАНОВ,

Мақтаарал АПБ бастығының ТжКЖЖ орынбасары, полиция подполковнигі.

 

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар