19.8 C
Munich
Четверг, 3 июля, 2025

БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Оқылып жатыр

Еліміздің болашағы — жас ұрпақтың денсаулығын сақтау өзекті мәселенің бірі. Бала тақырыбы қозғалғанда айтылатын ең маңызды мәселелердің бірі — бүлдіршіндердің денсаулығын сақтап, аурудың алдын алу, әсіресе аутизмге шалдыққан балаларды емдеу ісін жолға қою қажет. Осы мақсатта Мырзакент орталық емханасында қолға алынған игі істердің бірі — бес жасқа дейінгі балалардың аутизмін ерте анықтау үшін арнайы орталықтың ашылуы құптарлық жағдай. Журналистерді осы орталықтың жұмысымен аталмыш аурухананың аға мейірбикесі Гүлжауһар Мырзаева таныстырды.
Бұл орталықта бес жасқа дейінгі балалардың аутизмге шалдығуының алдын алу, оны емдеу, тамақтандыру, балалардың үйдегі қауіпсіздігін сақтау т. б. бойынша аналарға кеңес беріледі. «Дәрігерлік кеңес» парақшалары таратылып, аналар қосымша сұрақтарға нақты жауап алады. Сондай-ақ, аналар баланы ана сүтімен қоректендіру, қосымша тамақты қалай беру туралы кеңес ала алады. Орталықта түрлі ойыншықтар жинақталған. Аутизмі бар бес жасқа дейінгі балаларды осында ойнату арқылы олардың денсаулығындағы кінәратты анықтап, зерделеуге болады, -дейді бізбен әңгімесінде Гүлжауһар Мырзаева. Биыл мамыр айында ашылған орталық жұмысын енді жүйелеп келеді.
С. ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар