Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекiтілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары» бойынша организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалаулар негiзiнде куәландырылатын адамның әлеуметтiк қорғау шараларына қажеттiлiк тәртiбі айқындаланады.
Алдымен медициналық ұйымдардың (емханалардың) дәрігері науқастың тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар адамдарды, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін медициналық-әлеуметтіқ сараптама бөліміне медициналық ұйымның (емхананың) дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (№ 31/е нысан) жолдамасы толтырылып медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберіледі. Медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және науқасты медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жіберудің негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының төрағасы қамтамасыз етеді.
«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығына сәйкес медициналык-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы және кемінде екі бас маманның қатысуымен алқалы түрде сараптамалық қорытынды шығарады. Организм функцияларының бұзылуы мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелуі дәрежесіне қарай мүгедек деп танылған адамға бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектік, жеті жасқа дейінгі адамға «мүгедек бала» санаты, ал жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі адамға бірінші, екінші, үшінші топтағы «мүгедек бала» санаты белгіленеді.
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы» бірлескен бұйрығы бойынша мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасы іске асырылды. Қазіргі танда -қатерлі ісіктер, ересектердегі қан айналым жүйесінің аурулары- цереброваскулярлы аурулардың салдары,ауыр гемипарез немесе гемиплегия, трипарез немесе триплегия,тетрапарез немесе тетраплегия, қантамырлық деменциямен асқынған ми қан айналымының жедел бұзылыстары, созылмалы бүйрек жеткіліксізділігінің соңғы сатысындағы ересектердегі зәр шығару жүйесінің аурулары,психикалық ауру, оның ішінде ақыл-ойдың кемістігі,балалық аутизм,балалардағы 1 типті қант диабеті,туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық ақаулар(аяқтың болмауы немесе ампутациясы,рентгендік растау болған кезде, хирургиялық ампутация кезінде- стационарлық науқастың тарихынан алынған үзінділер),Даун синдромы, трансплантациясынан кейінгі жағдай – МӘС-ке алғаш рет жолдаған кезде, Анофтальм,Лепра нозологиялары бойынша науқастар пилоттық режимде сырттай куәландырудан өтеді.
Ал медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қорытындысы бойынша тыныс-тіршілігі санаттарының бірінің (өзін-өзі күту, жүріп-тұру, еңбек қызметі (еңбек қабілеті), оқу, бағдарлана білу, қарым-қатынас, өз мінез-құлқын қадағалау, ойын және танымдық қызмет, белсенді қозғалыс қабілеті) шектелуіне әкеп соқтыратын организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда мүгедектік және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленбейді.
Н.НУРЖАУОВ,
№ 9 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы.