ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕПТІ ТЫҢДАДЫ
Түркістан облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан білім беру ұйымдарына 27 ақпан мен 3 наурыз аралығында жүргізілген мемлекеттік атестаттаудың қорытындысы бойынша Департамент басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы есепті тыңдады. Есеп беру барысында әрбір маман өзі жазған қорытынды бойынша баяндап, қорытындыда жазылған кемшілктер мен ұсыныстарға егжей-тегжейлі тоқталды. Өз кезегінде департамент басшысы әрбір шығарылған қорытындылар бойынша бөлім басшылары мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізіп, нәтижесі бойынша әр аптаның жұма күні қызметтік хат арқылы мәлімет беріліп отыруын тапсырды. Сонымен қатар қорытындыларды жазуда әрқайсының нәтижесін белгіленген мерзімде жазып білім беру мекемесіне ұсынылуын бақылауға алуды тапсырды.
Б.ҚАЗЫБЕКОВ.