15 C
Munich
Воскресенье, 8 сентября, 2024

ӨМІРІ ӨНЕГЕЛІ ЖАН

Оқылып жатыр

      ӘР ҚАЗАҚТЫ БАУЫРЫМ ДЕП САНАҒАН

ҰСТАЗ ӘРІ АҚЫН АҚБЕРДІ ӨСЕРҰЛЫ ТУРАЛЫ СЫР

Бүкіл саналы өмірін жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаз әрі ақын Ақберді Өсеров ағамыз – ұлағатты педагогтардың бірі.
Ақберді Өсерұлы 1955 жылы Түрікмен КСР-і, Чарджоу облысы, Фараб ауданында дүниеге келді. Аталмыш ауданда №3 мектепте онжылдықты аяқтаған соң 1972-76 жылдары Ленин атындағы Түрікменстан педагогикалық институтында оқып, математика пәні оқытушысы мамандығын алып шықты. Түрікменстанда ұстаздық етіп жүрген кезінде ол өзінің сөз тапқырлығымен, батылдығымен талай қазақты қорғап қалды. Түрлі оқиғаларға тап болды. 1982 жылы тойда орамал тарқатып жүрген қазақты біреу ұрады. Арыз бойынша прокуратура полиция қызметкерлері келіп ақсақалды айыптайды. – Сіздер дінмен жүресіздер, тойда, жаназада шапан, орамал тарқатасыздар, деп кінә тағады. Қарттар күнә істеген адамдай бастарып төмен салбыратады. Сонда Ақберді аға қиыннан қиыстырып, Түрікменнің құқық қорғаушыларына орысшалап:
– Традиция – это есть каменная граница, выдвинуть прошлый, кто хочеть идти перед, тот должень перешагнуть ее каменный границы,- деп Степан Свичаның атақты сөзін айтады. Сондықтанда қазақтың салт-дәстүрін бірден жоя алмайсың. Уақыты келгенде өзгеріске ұшырап отыратынын түсіндірді. – Сонда екі жақ келісімге келіп, бейбіт түрде тарқасады. Ақсақалдар өркенің өссін деп Ақбердіге ризашылықпен ақ батасын береді.
Бірде Түрікменстанда аудандық партия комитетіндегі бір жиналысқа барады. Партия комитетінің бірінші хатшысы Ұғылменде Тәжба деген бойдақ қыз еді. Бірінші хатшының баяндамасын бәрі қызу қолдап қошемет көрсетіп жатқанда Ақберді Өсеров жұртты таң қылдырады. Ақберді бірінші хатшыға:
– Біз сізді құрметтейміз, бірақта сіз неге тұрмысқа шықпай жүрсіз,- дейді оқыстан сөйлеп. Хатшы:-Сен қалай мұны айта алдың,- дейді абдырап.
– Менің қорқатын ештеңем жоқ. Қатардағы мұғаліммін,- дейді Ақберді.
Сонда хатшы:
– Жан доған (бұл жанбауырым дегені) дейді.
– Оқып жүрдім, одан соң жұмысқа орналастым. Өзімнен кейінгі бауырларымды оқыттым. Содан уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамаппын. Енді ауданға газ желісін тартуды бітірген соң Алланың қалауымен тұрмысқа шығамын,–  дейді.
Тағы бір күні ауданда жиналыс болады. Түрікмендер қазақтарды айыптайды. «Қазақтардың түйелері ұйқы бермейді, түнде боздайды» дейді олар бірінші хатшыға. Сонда Ақберді: -Базарды етімен, сүтімен толтырып отырған қазақтың түйелері ғой, егініңе түспесе, қораңа кірмесе түйе түнде боздайды деген айыбың негізсіз,- деп түрікмендерді қайтарып тастайды.
Өткір сөзбен уәж айтып таңдандырған Ақбердінің атағы елге жайылып, құрметке бөленеді. Мары облысының сот төрағасы кейін Маңғыстау облысында сот төрағасы болған Нұрғожа Чиняеев, Фараб ауданы милиция бастығы Жалғасбай Жоламанов, мұғалімдер институтында ұстаздық еткен Тәжіғұл Мұсағұлов, Ахмет Демеуов, Али Сағыновтармен танысып, өзге елдегі қандастарды қолдап, қорғайды. Өздерінің ұлтжанды, елін, жерін сүйетін азаматтар екенін іспен дәлелдейді. Ақберді Өсеров 1992 жылы Мақтаарал ауданына аватекенге қоныс ауданды. Еңбекші ауылдық округіндегі Абай атындағы мектепке мұғалім болып орналасты.
Жазушы-журналист Нұрғали Қадырбаев пен оның зайыбы Ақмаржан апаймен бірге алтын ұяда еңбек етеді. Ұстаздық ете жүріп ол суретке түсіру өнерін де жете меңгерді. Алғашқыда «Зенит», «Свема» одан кейін жапон фотоаппараттарымен талай тойларды, асты, жиынды, мерекелерді түсірді. Өңірімізге М.Ділдабеков, М.Кемел, О.Аяшевтар ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткер болып келгенде жақсы сәттерін суретке түсіре білді. Оның суреттері сапалы болып жұрт қызығушылығын арттырып сұранысқа ие болды. Сонда толқыған ақын жанды ұстаз сурет туралы өлең жазды.
Сурет
Бұл түрлерің жылдар өтіп өзгерер,
Әсем жүзді әжім басар кез келер.
Сурет бұл қалпыңның куәсі,
Көретіндей өзің түгіл өзгелер.

Суретке түс сәл ақшаңды аяма,
Өтер жылдар бұл қалпыңа қоя ма.
Бұл көркіңді жас келгенде таппайсың,
Беттеріңді қайтіп, қалай бояма.

Жастық шағың жігіттік шақ тұрмайды,
Өткен күндер қайтіп мойын бұрмайды.
Жастығыңды мәңгі есте қалдыр деп,
Ақын-суретші жырларында жырлайды.
Ақберді Өсеров түрікменнің атақты ақыны Мақтымқұлының, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың, Мұқағали Мақатаевтың, Ақұштап Бақтыгерееваның, Мұхтар Шахановтың, жерлес ақын ағамыз Мұхтар Құраловтың өлеңдерін жатқа біледі. Оның көптеген өлеңдері, нақыл-насихат сөздері бар. Ақын әрі ұстаз, математик Ақтамбердінің тәрбиелеген шәкірттері қатарында Гүлшат бүгінде Алматыдағы Қыздар педагогикалық институтында оқытушы, Қуаныш «Нұрлы таң» елді мекеніндегі мектепте оқу ісінің меңгерушісі, Ерлан Әлімбеков Х.Доспанова атындағы мектепте оқу ісінің меңгерушісі, Ұлбике Зұлпыхврова, Әйгерім Қолдасовалар бастауыш сынып мұғалімдері болып еңбек етуде.
Бірнеше жүздеген шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздың өмірлік жары Армагүл Қармысова екеуі екі ұл, бір қызды тәрбиелеп өсірді. Қызы Тазагүл Қазығұрт ауданы, Қызыл сеңгір елді мекеніндегі мектепте мұғалім. Ақарыс — Хиуаз Доспанов атындағы мектепте техник-қызметкер, Бекарыс жүргізуші. Келіні Айнұр Х.Доспанова атындағы мектепте мұғалім.
«Ұстаз ұлы тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты» деп К.Ушинский айтқандай қаншама шәкірттерді тәрбиелеген, үлкен өмірге қанат қақтырған білікті ұстаз Ақберді Өсеров ағамыз бүгінде зейнет демалысында. Жастардың ақылшысы, елді ынтымақ-бірлікке ұйытып отырған сыйлы азамат.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар