2.9 C
Munich
Четверг, 21 ноября, 2024

КӨКТЕМНІҢ ШУАҚТЫ МЕРЕКЕСІНДЕ

Оқылып жатыр

АУДАН ӘКІМІ КӨКТЕМНІҢ ШУАҚТЫ МЕРЕКЕСІМЕН ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Бақыт Асанов әйелдер қауымына мерекелік дастархан жайып, көктемнің шуақты мерекесімен арнайы құттықтады.

 

«Тәжі» мейрамханасында өткен салтанатты іс-шараға ауданның әжелері, көп балалы аналар және әртүрлі салада белсенді қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер қатысты.

 

«Әйел – тіршіліктің тірегі, отбасының шырағы, тәрбиенің шырайы. Сіздердің бойларыңыздағы қайрат пен қажыр, шапағат пен шарапат, қайсарлық пен құлшыныс күллі әлемнің тамырына нәр беретіні сөзсіз. Бүгінде қыз-келіншектеріміз қоғамның қай саласында да белсенді, беделді қызмет етуде. Асқан талпыныстарыңызбен Мақтаарал ауданының дамуына да сүбелі үлес қосып келесіздер. Іскерліктеріңізбен қатар, қашанда отбасыларыңыздың ұйытқысы, ырыс-берекесі екендіктеріңіз анық. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!» — деді Бақыт Насырханұлы.

 

Құттықтауынан соң аудан басшысы алтын алқа және күміс алқа иегерлеріне медальдарын табыстап, арнайы сыйлықтармен марапаттады. Мұндай сыйлықтар мерекелік кешке қатысқан әрбір қонаққа берілді. Сондай-ақ, кеште аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Мелдехановтар да әйелдерге деген ізгі тілектерін арнады.

 

Айта кетейік, мерекелік шарада аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама қойылып, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

 

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар